Цифрландыру адам құқығын қорғауды нығайтады – М. Ахметжанов

0
49
ашық дереккөзден алынды

Заң жобасын цифрландыру туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

«Енді істер электрондық түрде жүргізілетін болады. Бұл не үшін қажет? Алдымен цифрландыру адамның құқығын қорғауды нығайтады. Себебі барлық процестер алақандай көрініп тұрады. Бастысы, сот пен прокурорды бақылау артады. Енді бірденені жасыру, жалған құжат жасау мүмкін емес. сонымен қатар коррупциямен қызмет бабын пайдалануда азаяды», – деп баяндады М. Ахметжанов.

Аталған жайттың цифрландырудың ең басты мақсаты екенін атаған Бас прокурордың орынбасары, цифрландыру процесті тиімді әрі ыңғайлы ететінін алға тартты. Цифрландырудың тағы бір тиімділігін атаған М. Ахметжанов бір құжатты алу үшін енді күн санап күтудің қажеті жоқтығын, прокурордың қабылдауына да тез жазылуға мүмкіндік болатынын атады.

«Әлеуметтік қаржы министрлігімен бірге біз қазір пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. 400- ден астам іс электрондық форматта дайындалды. Сотта 200-дей электрондық санкция бекітілді», – деп мәлімдейді М. Ахметжанов.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз