Қазақстан Орта Азияда дін бойынша халықаралық кеңес құруды ұсынды

0
78

28 қыркүйекте Қырғызстанның «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен Халықаралық Ислам конференциясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев дін бойынша халықаралық консультативтік кеңес құруды ұсынды. Бұл туралы қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Н. Ермекбаев Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстан үкіметіне осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Министр өз сөзінде деструктивті діни ағымдардың идеяларының таралуы мәселесін көтеріп осы орайда радикализм көріністеріне қарсы күрес бағытын белгіледі.

«Тіпті бұрынғы кеңестік дәуірде де біздің халықтарымыз дінге деген көзқарасына қарамай, мейірімділік, төзімділік, адамның позициясына құрмет қағидаттарына негізделген ортақ діни дәстүрлерді қалыптастырды. Осы орайда  рухани мұрамызды сақтап, оны бейімдеу және оны қазіргі заманғы жағдайларда пайдалану  өте маңызды. Тек зайырлы  қоғам ғана көп конфессиялық ортадағы діндердің теңдігін қамтамасыз ете алады», – деп атап өтті Н. Ермекбаев.

«Барлығымыздан – мемлекеттік, ғылыми және діни қайраткерлерден діни экстремизмге қарсы күш-жігерді біріктіру талап етіледі. Мұндай Кеңес аймақтық форматта өзара іс-қимылдың тиімді тетігін құруға мүмкіндік береді. Бекітуші күштердің іс-әрекеттерінен гөрі шешімдерді қабылдау мен жүзеге асырудағы бірлік күшейетін болады», – дей отырып министр Дін бойынша халықаралық консультатвитік кеңес құруды ұсынды.

Конференцияның басты тақырыбы қазіргі зайырлы мемлекеттерде Исламның орны мен рөлін талқылау болды. Іс-шараның ашылу салтанатында ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан, Үндістанның Сыртқы істер министрі Мушавар Акбар, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік  кеңесшісі Рустам Камилов, Египеттің мәдениет министрі Хелми Намнам, Тәжікстанның Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Сүлеймен Давлатов және БҰҰ, ЕҚЫҰ, Әзірбайжан, Бельгия, Ресейден  жоғары дәрежелі қонақтар қатысты.

Атап өтсек, Конференцияға 19 мемлекеттің дін істері жөніндегі уәкілетті органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері және белгілі шетелдік Ислам сарапшылары қатысты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз