31 қазан Ташкентте «Өзбекстан-Қазақстан: дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл» атты маңызды атаулы күнді мерекелуге орайластырылған халықаралық конференция өтеді.
Конференция жұмысына екі беделді орталық өкілдері, Өзбекстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының жоғары дәрежелі өкілдері, Өзбекстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп хабарлайды «Жахон» ақпарат агенттігі.
Жалпы отырыстар барысында саясат, экономика, көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері сонымен қатар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың рөлі талқыланады.
Атаулы шараны ұйымдастырушылар Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты. Аталған институттар ұзақ жылдар қатарынан әріптестер болып саналады.
Cабина Сайлаубай