Қазақ күресінен әлем чемпионатында ел қоржыны 6 медальмен толықты

0
79
ашық дереккөзден, Baq.kz

Қазақ күресінен өткен әлем чемпионаты финалында абсолютті салмақ санатында қазақстандық балуан Айбат Сейтен тәжік балуаны Дадахон Құрбаналиевке есе жіберді.

Осылайша, қазақстандықтар әлем чемпионатынан алты алтын медальді жеңіп алды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұған дейін қазақ күресінен әлем чемпионаты финалының екінші күнінде 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов алтыншы медальді (алтын) қанжығасына байлаған еді.

66 келі салмақта қазақстандық балуан Қасымхан Төленбай Өзбекстан балуанынан мықтырақ болды.

Отандасымыз Қуаныш Ысқақов 60 келілік салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді.

Еске салсақ, қазақ күресінен алғашқы жарыс күні үш қазақстандық жеңіс биігінен көріне білді. 55 келі салмақта Марат Нығматуллаев армян балуаны Погост Багалянға есе жібермей, әлем чемпионы атанды. 82 келілік салмақ дәрежесінде шешуші белдесуде Грекиядан келген балуан Алексиос Нтанатсидиспен белдескен отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаров жеңіске жетті. 90 келілік салмақ дәрежесінде «үшінші» алтынға Әділжан Ыстыбаев қол жеткізді. Ол финалдағы қарсыласы Тәжікстаннан келген Хрушед Шариповқа есе жібермеді. Аса ауыр салмақ дәрежесінде Руслан Әбдіразақов «қола» медальға қол жеткізді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз