Бақытжан Сағынтаев Еревандағы Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

0
70

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусьтік әріптестерімен бірге Ереван қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Армян Президенті Серж Саргсян ЕҮАК отырысы басталар алдында Армения астанасы Ереванға жұмыс сапарымен келген Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь премьер-министрлерін қабылдады. Қонақтарға ізгі ілтипатын білдірген Саргасян аталған кездесудің арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолында тағы бір маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Шағын құрамдағы отырыстар барысында қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібіндегі бастамаларды пысықтау тәртібін, ішкі нарықтағы алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша 20182019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, авиациялық оқиғаларды зерттеу бойынша орган құру жұмысының барысы, кеме қатынасы туралы Келісім жобасын, сондай-ақ ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдары мен тауарларды таңбалау туралы Келісім жобасын және т.б қарады.

Кең құрамдағы ЕҮАК отырысы барысында сөз сөйлеген Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда халықаралық сауда қатынастарын трансформациялау жүріп жатқанын айтып өтті.

ЕҮАК отырысы қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, оның ішінде ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясында бастамаларды пысықтау туралы, ЕАЭО мүше елдердің келісілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін жүзеге асыру бойынша жол картасының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 20182020 жылдарға арналған шешімдер бар.

Бұдан өзге ішкі нарықтағы алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы, авиациялық оқиғаларды зерттеу бойынша орган құру туралы, жалпы электр энергетикасы нарығы аясында ақпараттық алмасу жүйесін қалыптастыру туралы, сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау туралы Келісім жобасы туралы және 2018-2020 жылдары «Еуразия апталығы» көрмелік форумын өткізу туралы Өкімдерге қол қойылды. Бұдан өзге, кеме қатынасы туралы Келісім жобасы туралы тапсырмаларға және басқа да құжаттарға қол қойылды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз