2015-2016 жылдары соғыс пен қайғы-қасіреттен қашқан жүз мыңдаған адам Сириядан Түркия мен Грекия арқылы Еуропаға бет алды. Грекияның Самос, Лесбос, Хиос аралдарында әлі де 10 мыңға жуық босқындар өмір сүруде.
Миллиондаған мигранттар 2015-2016 жылдары Грекия мен Түркиядан Батыс Еуропаға «Балқан бағыты» деп аталатын Македония, Сербия, Венгрия арқылы жаяу жүріп өтуге тырысты. Босқындардың ағыны көптеген елдер өз шекараларын жауып тастаған кезде ғана бәсеңдеді. Бүгінгі күні босқындар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға қоныс аударуда. Олардың теңіз жолы Ливия жағалауынан басталады.
2015 жылдың қыркүйек айында түсірілген бұл сурет әлемді дүр сілкіндірді: түрік жағажайларының бірінен табылған үш жасар сириялық баланың мүрдесі күллі сириялық босқындардың қайғысына айналды.
Әлеуметтік желілерде пайда болған сәбидің суреті көші-қон дағдарысының символына айналды.
Еуропаға барар жол таяу арада жабылатынын білгендіктен мыңдаған босқындар пойыздар мен автобустар арқылы Хорватияға дейін жетуге тырысты. Арада бірнеше күннен кейін-ақ, Венгрия өз шекарасын ресми түрде жапты. Сонымен қатар ел аумағында босқындар өмір сүруге және баспана алу туралы ресми рұқсаттаманы күтуге мәжбүр болатын лагерь пайда болды.
Көші-қон дағдарысы шыңына жеткенде, Еуропаға қоныс аударушы босқынарды жеккөрушілер көбейе бастады.
2015 жылдың қыркүйек айында түсірілген бұл сурет кеңінен тарап, талқыға салынған: Полиция бекеті арқылы Венгрия шекарасынан Сербияға өтпек болып, ұлын құшақтап жүгіріп келе жатқан сириялық босқынды Венгриялық журналист Петра Ласло аяғынан шалып құлатады.
2016 жылы наурызда «Балқан жолы» ресми түрде жабылып, шекара маңында ұсталған босқындар мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыстар орын алды.
Суреттегі Грекия мен Македония шекарасы маңындағы босқындардың полиция қызметкерлерінің бақылауын айналып өтуге тырысқан сәті.
Шаң мен қоса қанға малынған 5 жасар баланың суреті 2016 жылғы Сириядағы азамат соғысының сұрапыл символына айналып, барша сириялықтардың жүрегіне үрей ұялаты. Бір жылдан кейін әлеуметтік желілерде сол баланың әкесімен бірге түскен суреті жарияланды (1 жылдан кейінгі суретте сириялық бала аман-сау, күлімсіреген күйде).
Қанға малынып отырған баланың суретін Сирия үкіметі батыстың арандату үшін пайдаланылғанын сынға алған болатын.
Германия өзіне келуші босқындарға қарсы көші-қон саясатын күшейткеніне қарамстан босқындардың көпшілігі Германия өздеріне көмек көрсетеді деген үміттен бас тартпады.
Көші-қон саясатына күшейту енгізілгенге дейін бірде-бір ЕО мемлекеттері Германия сияқты босқындарды өзіне қабылдамаған. Германияға келген босқындардың барлығы дерлік канцлер Ангела Меркельге көші-қон саясаты үшін алғысын білдіріп жатты.
Айта кетейік, Германия өз аумағына 1.2 миллион босқындарды қабылдаған болатын.
Франция билігі 2016 жылдың қазан айында елдің солтүстігінде орналасқан босқындар лагерін жойды. Салдарынан 6500-ге жуық босқын баспанасыз сенделіп қалды.
Соғыс пен жоқшылықтан қашқан босқындардың көпшілігі үлкен қауіп-қатерге қарамастан теңіз арқылы Еуропаға жетуді көздейді. Жалдамалы резеңке қайыққа мінге босқындардың көбі апатқа ұшырайды. 2017 жылдың өзінде 1800 адам суға кетіп көз жұмған. 2016 жылы суға кеткен босқындардың саны 5000-ға жеткен болатын.
Босқындар әділетсіздік пен құлдықтың, жан түршігерлік оқиғалардың құрбанына айналуда. Босқындар шоғырланған жерлерде контрабандашылар мен саудагерлердің бизнесі өсіп келеді. Бұған дейін босқындарға көмек көрсететін кейбір гуманитарлық ұйымдардың әйелдерді жезөкшелікке жегіп, берген азық-түлігінің қайтарымын тән саудасы арқылы өтеуін талап ететіні туралы бірқатар ақпараттар тараған болатын.
Жадыра Аманбайқызы