Дамаск Анкара мен Вашингтонға наразы

0
58

Сирия өз аумағында орналасқан Идлиб деэскалация аймағына Түркия әскерлерінің енуін агрессия мен басқындық деп қабылдайды. Бұл туралы Астанада түйінделген Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің 7 раундында Сиряның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джаафари мәлімдеді.

«Біздің ең басты көріп тұрғанымыз Түркияның Идлибтағы қарулы әскерилері. Және бұл агрессия, бұл басқындық», – деген Джаафари Түркияға наразы екенін мәлімдеді.

 

«Түркия кепілдік беруші елдер арасында режимді қолдау жөніндегі өз міндеттемелерін орындамағанын ескере отырып, біз бұл мәселені осы раундта кепіл елдер Ресей және Иранмен көтердік. Ресей мен Иран барлық кепіл елдер өз міндеттемелерін орындау керектігін растады», –

деп атап өтті.

Башар Джаафаридің айтуынша, Сирия тарабы АҚШ бірліктерінің де деэскалация аймағында орнығуын басқындық деп есептейтінін алға тартты.

«Біздің Сыртқы істер министрлігі ресми нота жасақтап, оны Нью-Йоркке жібердік. АҚШ бастаған халықаралық коалицияның қастық әрекеттері мен аймақта америкалық әскери күштердің орнығуын біздің егемендігімізге қарсы агрессия болып табылады деп санаймыз», – деп атап өтті Джаафари.

Ал өз кезегінде Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған 24 қазан Анкарадағы Парламентте билеуші Әділет және даму партиясы фракциясының алдында сөйлеген сөзінде «Сирияның Идлиб аймағындағы Түркияның әскери күштері операциясы негізінен өз мақсатына жетті. Енді келесі күн тәртібінде Африна мәселесі тұр. Біз өз қауіпсіздігімізге шешімді түрде бағытталдық. Мен өзім бастапқыда айтқандай: біз түнде күтпеген жерден келіп, соққы беруіміз мүмкін» , – деп мәлімдеген болатын. Ердоғанның айтуынша, операцияның мақсаты бейбіт тұрғындарды қорғау. Дегенмен, бір қызығы Дамаск Анкарадан әскерлерін аймақтан дереу шығаруын талап етті.

Атап өтерлігі, Дамаск Сиряның Идлиб аймағындағы  «Джебхат ан-Нусра» террористік тобымен Анкараның байланысы бар деп есептейді. Бұл туралы кеше елордада Сирия мәселесі бойынша  өткен келіссөздердің қорытындысында жоғарыда аталған Сиряның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джаафари мәлімдеді.

«Астана процесінің 6 раундындағы келісімшарттарды сақтап, «Джебхат ан-Нусра» мен өзге де террористік топтарға қарсы тұрудың орнына, Түркия «ан-Нусрамен» Идлиб аймағында ынтымақтастығын жүзеге асырған», – деп атап өтті Джаафари.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз