Сирия келіссөздерінің 7 раунды түйінделді

0
56

Бүгін елордада Сирия процесі келіссөздерінің 7 раундының қорытындысы шықты. БАҚ өкілдерін қатарынан бірнеше сағат күттіріп, табанынан тоздырған, бар әлем назарын өзіне аударған атаулы процестің қорытындысы төмендегідей:

Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасы кепіл елдер ретінде Сирия Араб Республикасындағы қақтығыстарды тоқтату режимін сақтау мақсатында 2017 жылдың 4 мамырында қабылданған Сирия Араб республикасы аумағында деэскалация аймақтарын құру үрдісінің жүзеге асырылуы қанағаттандырылады деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Деэскалация аймақтарының құрылуы нәтижесінде «Әл-Каидамен» байланысы бар ИГИЛ, «Джабхат ан-Нусры» т.б ұйымдар, топтармен күресте қарқын байқалады және олармен күресті деэскалация аймақтарының ішінде де, сыртында да жүргізу шешімі расталады деп мәлімделеді Сирия келіссөздері бойынша Астанада өткен халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иран, Түркия Республикалары мен Ресей Федерациясының ортақ мәлімдемесінде.

Сирия шиеленісінің әскери шешімі жоқ және БҰҰ № 2254 резолюциясын орындау негізіне яғни тек саяси үрдіс барысында ғана аталған жағдай тұрақталуы тиіс.

Сонымен қатар ортақ мәлімдемеде тұтқындарды босату, қаза тапқандардың мәйіттерін тиісті жерлерге жеткізу, із-түссіз жоғалғандарды іздеу шараларын қосқанда саяси үрдісті жақсарту жағдайында кикілжіңге түсіп отырған қос тараптың сенім шараларын нықтауы баяндалады.

Сирияға халықаралық гуманитарлық көмек көрсетудің қажеттілігі, шұғыл, қауіпсіз әрі кедергісіз көмекпен барлық мұқтаждарды қамтамасыз ету мәселесі назарда.

Мәлімдемеде бұдан өзге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан билігіне Сирия мәселесіне қатысты 7 халықаралық кездесуді жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдіріледі.

Атап өтерлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен Женева үдерісі шеңберінде Ресей Федерациясының аталған жетінші раундта кепілдік беруші елдерге хабардар еткен ұлттық диалог Конгресін шақыру туралы ұсынысы талқыланады.

Сирия мәселесіне қатысты келесі Халықаралық кездесу  Астанада 2017 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында өтеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз