Дейр-Эз-Зор маңындағы босқындар лагерінде тағы да жарылыс болды

0
75

Сирияның шығысында орналасқан Дейр-Эз-Зор қаласы маңындағы босқындар лагерінде жарылыс болып, салдарынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Сa-news.

Сириялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше лагерь аумағындағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына тиесілі автокөлік жарылған. Жарылыс Сирия президенті Башар Асадтың әскери бақылауындағы аумақта болған.

Жарылыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 30-дан астам адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша,  Дамаск маңындағы әуе рейтінде бес бала мен екі азамат өлтірілген.

Еске сала кетейік 5-қарашада жарылғыш зат тиеген автокөлік Дейр-Эз-Зордың солтүстік-батысындағы Конико мен Джафра арасында орналасқан босқындардың лагеріне басып кіріп жүзге жуық адамның өмірін жалмаған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз