ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін кирилицадан латын жазуына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі 2017 жылғы 26 қазандағы Елбасының № 569 Жарлығымен бекітілді.
Жадыра Аманбайқызы