Қазақстандық дзюдоист Абу-Дабиде қола медальді жеңіп алды

0
95
ашық дереккөзден, Қазақпарат

Қазақстандық дзюдоит Отгонцэцг Галбадрах Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде күміс медальді жеңіп алды.

Әлем чемпионаты мен олимпиаданың қола медаль иегері финалға шығарда Ресейден келген Ирина Долговаға есе жіберді. Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық спортшы венгриялық Ева Черновицкадан мықтырақ болды деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ жарыстың бірінші күні татамиге тағы екі қазақстандық шықты. Гусман Қырғызбаев (60 келі салмақта) қола медаль үшін белдесуде өзбекстандық спортшы Шарафуддин Луфтиллаевқа есе жіберсе, Елдос Жұмақанов (66 келі салмақта) Грузиядан келген спортшы Важа Маргвелашвилиден ұтылды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз