Ердоғанды сынға алған қарт 8 жылға бас бостандығынан айырылды

0
79

Түркия Жоғарғы соты 78 жастағы Али Эргинді әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды қатал сынға алғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Московский Комсомолец» («МК») басылымының түрік жаңалықтары қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, Түркия заңына сәйкес ел президентін балағаттап, сынға алған азаматтар қарулы қылмыстық қудалауға ұшырайды.

Өзінің қорғауында Али Эргин әлеуметтік желілерде Түркия көшбасшысына қатысты жазылған сыни пікірлер мен балағат сөздердің кейбірін ғана өзі жазғандығын растады. Прокурор 78 жастағы Али Эргинді жасына қарай 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді қайта қарауды өтінді.


Қазіргі уақытта ел ішінде аталған заңға сәйкес Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды балағаттап, сыни пікір таратқандарға қатысты тергеу ісі басталуда. Бүгінде президенттің адвокаттары 1800-ден астам азаматқа, оның ішіде қарапайым халық пен мектеп оқушылары және бұрынғы «Мисс Түркия» жеңімпазына шағым түсірді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз