“Махаббат хикаясы” фильмінің музыкасы үшін “Оскар” сыйлығын алған, Клод Лелуштың “Ер мен әйел” фильмінің музыкасын жазған француз композиторы Франсис Ле 86 жасында дүниеден озды.
“Ниццадан шыққан таңғажайып музыкант әрі композитор Франсис Ленің қазасын естіп, жүрегім ауырды, “Ер мен әйел”, “Махаббат хикаясы” фильмдерінің музыкасы үшін біз оған рақмет айтуымыз керек. Отбасы мен жақындарын ойлап отырмын”, – деп жазды Ницца мэрі Кристиан Эстрози Twitter желісіндегі аккаунтында.
C'est avec une peine immense que j'apprends la mort de Francis Lai, formidable musicien et compositeur niçois, à qui nous devons notamment les musiques d' "Un homme et une femme" et de "Love Story" pour laquelle il avait reçu un oscar. Pensées pour sa famille et pour ses proches. pic.twitter.com/qbxzW1IE3x
— Christian Estrosi (@cestrosi) November 7, 2018
Ниццада 1932 жылы дүниеге келген Франсис Ле ондаған саундтрек жазса да фильмге ән жазумен ғана танылған жоқ. Tengrinews.kz жазғандай ,оның әндері Клод Лелуш, Роже Вадим, Рене Клеман және тағы да басқа режиссерлердің фильмдерінде де бар.