Индонезиядағы жер сілкінісі: 800-ден астам адам қаза тапты

0
185

Индонезиядағы 7,4 баллдық жер сілкінісі мен цунами құрбандарының ресми саны 832-ге жетті. Вице-президент Юсуф Калла қаза тапқандардың саны мыңнан асуы ықтимал деп хабарлады.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғастырылуда. Қатты зақым келтірілген аудандар жапа шеккендерді құтқару мен іздестіру топтарына зәру.

Жерасты дүмпуінің арты цунамиге әкеліп соққан табиғат апатынан ең ауыр жапа шеккен Сулавеси аралы. Цунамидің екі метрлік толқыны аралдың солтүстік бөлігін шайып кеткен. Қаза тапқандардың саны бойынша ең қатты зардап шеккен Сулавеси аралының Палу қаласы. Цунамидің салдарынан қаланың ауқымды бөлігі жойылып кеткен. Куәгерлердің айтуынша көшелер мен жағажайлар мәйіттерге толған.

300 мыңнан астам адам өмір сүретін аймақта апаттан кейін мыңдаған ғимараттар мен шағын үйлер, ірі сауда орталықтары толығымен жойылған.

Жаргілікті сейсмологтар бұл жер сілкінісін 2004 г. жылдан бергі Индонезиядағы ең үлкен табиғат апатына балады. Өткен жұмадан бері Мемлекетте 170-тен астам жер асты дүмпулері байқалған.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз