Израиль АҚШ елшілігін Иерусалимге ресми түрде ауыстыру барысында Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауы шекарасында өз әскерлерінің санын екі есеге арттырды. Бұл туралы russian.rt.com хабарлайды.
Еске саламыз, Палестина халқы Иерусалимнің Израильдің астанасы ретінде қабылдануына қарсылық білдіріп, бірнеше ай бойы наразылық шараларын жалғастырып келеді. Бұған өткен аптада палестиналықтар мен Израиль әсері арасында болған қақтығыстар дәлел.
14 мамыр АҚШ елшілігінің Иерусалимге ресми түрде көшірілуіне байланысты ХАМАС қозғалысы бастаған палестиналықтар тағы да наразылық шеруін ұйымдастырды. Бүгін Газа секторындағы наразылық шеруі салдарынан 2 адам көз жұмып, 28 адам зардап шекті.
ХАМАС қозғалысының басшысы бұған дейін, 14-15 мамыр Иерусалимді Израиль астанасы ретінде қабылдаға қарсы бірнеше 10 мыңдаған адам наразылық шеруіне шығатынын хабарлаған болатын.
Палестиналықтар қазіргі уақытта АҚШ-тың шешіміне қарсы наразылық шеруін ұйымдастыруды талап етуде.