Украйнаның Харьков қаласында бес адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды, деп хабарлайды РЕН ТВ.
Украинаның ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Герашченконың Facebook желісінде жарияланған бейнежазба 18 қазан кешкі 20 сағат 38 минутта орын алған.
Харьков қаласының Сумской көшесінде 20 жасар Lexus автокөлігінің жүргізушісі жолаушылар тобына ұшып кетті. Орын алған апат нәтижесінде 6 адам ауруханаға түсіп, 5 адам қаза тапты. Жапа шегушілердің арасында болған жүкті әйел қазіргі уақытта комада жатыр.
Оқиға фактісі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» деген баппен қылмыстық iс қозғалды.
Жадыра Аманбайқызы