Мексика: жер сілкінісінен кейінгі тағдыр

0
180

Жойқын жер сілкінісінен кейін бір жыл өткен соң, мексикалықтар бірте-бірте өмірлерін қалпына келтіруде. 2017 жылдың 19 қыркүйегіндегі магнитудасы 8,4 баллдық жерасты дүмпуі 370 адамның өмірін жалмаған. Бұл Мексика тарихында соңғы 35 жылдағы ең үлкен жер сілкінісі.

Өткен жылдың қайғылы оқиғасын Мексика халқы қорқынышпен еске алады. «Менде шынайылық пен қорқыныш араласқан сезім бар. Өткен өмір туралы бір сәт ойлану ауыр… қорқыныш тудырады!», дейді мексикалық азамат.

«Тап қазірға жағдайда қорқынышты жеңу, басымыздан өткерген бұл ауыр күндердің ұмытылатынына сенім арту ғана…»

8,4 баллдық қуатты жер сілккінісінен кейін 160 мың тұрғын баспанасыз қалды. Кейбір тұрғындар әлі күнге дейін өз үйлерінің қалпына келтірілуін күтуде.

«Мен тұратын көпқабатты үйдің қирағанына 1 жыл өтіп кетті. Тек сыртқы қабырғалары ғана қайта қалпына келтірілген. Не баспана не жолдар қайта салынып үлгермеді. Өмір сүруге қолайлы ештеңе дайын емес»дейді баспанасыз қалған азамат.

“Үй жихаздары мен басқа да заттарды қоятын жер болмағандықтан тастап кетуге мәжбүрміз»

Үйсіз қалған 160 мың тұрғынның барлығы дерлік жергілікті билік тарапынан баспаналарын қалпына келтіріп беруді өтінуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз