Мемлекет басшысы Қазақстанның Беларусь елшісін тағайындады

0
82

ҚР Президенті Н.Назарбаев Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаевті Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ермұхамет Қабиденұлы бүгінге дейін ҚР Жоғарғы кеңесінің депутаты, ҚР Президентінің кеңесшісі, стратегиялық зерттеулер институтының директоры Президент Әкімшілігінің басшысы, ақпарат және спорт министрі қызметтерін атқарған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз