Моңғолия министрі алғаш рет Қазақстанға сапарлайды

0
132
Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

24-25 қаңтарда Моңғолия Сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатар алғаш рет Қазақстанға ресми сарамен келеді. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Сапар барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Моңғолия Сыртқы істер министрінің кездесуі жоспарланған.

Оның барысында екіжақты және көпжатқты ынтымақтастық мәселелер талқыланатын болады. Атап айтқанда тараптар сауда экономикалық, мәдени гуманитарлық байланыстармен екі елдің транзит көліктік әлеуетін дамытуды жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыруды, сондай ақ, халықаралық күнтәртібіндегі мәселелерді талқылайды жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия Республикасы стратегиялық серіктестер болып табылады. Сондай ақ ежелгі тарихи және экономикалық байланыстарға ие. Екі мемлекетті біріктіретін достық көпірі ретінде Моңғолиядағы қазақ диаспорасы болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз