Сирия аумағынан келген балалар ДНҚ сынамасынан өтеді

0
93
дереккөзден

Сирия аумағынан келген балалар ДНҚ сынамасынан өтеді. Қоғамдық даму министрлінінің ақпарына сәйкес, ДНҚ сынамалары туысқандары қамқорлықтарына алатын балаларға жасалады.

“Астана” телеарнасының ақпарына сәйкес, министрлік тағы 30 әйел мен 60 бала Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеген. Сирия-ирак аумағында 500-ге жуық кәмелетке толмаған бала бар. Балалардың көбі сол аумақта дүниеге келген, ал ата-аналарының құжаттарын әдеттегідей содырлар жойып жіберген.

“Көп баланың ата-анасы қайтыс болған, өздері балалар үйінде қалған. Қазір оларды ел аумағына алып келдік, бірақ ата-аналарынсыз. Балаларды беру үшін олардың туыс-туғандары Қазақстан аумағынан ізделеді. Әлбетте баланың біреуіне немере, жиен т.б туыстық қатынасы дәлелденуі тиіс. ДНҚ сынамалары алынады, қан арқылы туысқандық байланыстары анықталатын болады”, – дейді ҚР қоғамдық даму министрлігі қоғамдық өзін-өзі қорғау Комитетінің діни экстремизм және оңалту жұмыстары профилактикасы басқармасының жетекшісі Бауыржан Бақыров.

Өткен жылы 20 қазақстандық сыртқы істер министрлігіне соғыс аймақтарынан туыс-туғандарын қайтаруға жәрдем етуге қатысты өтінім хат қалдырған. Сөз екі жүзге жуық адамға қатысты болып отыр. Қоғамдық даму министрлігі мұндай өтінімдердің әлі де келіп жатқанын атап өтті.

“Сирия билігі бізге оң қабақ танытуда әрі оларға жүгінген сәтімізде мәселемізді шешуге көмек қолдарын созуда. Өкінішке орай, Ирак билігі бұл іске қатаң көзқарас танытуда. Әзірге азаматтарды елге қайтаруға қатысты Иракпен үкіметаралық келісім жоқ. Сирия үкіметі өз аумағына деген бақылауды  қолдарына мейлінше жылдам алса, азаматтарымызды қайтару ісі де тез шешілетін болады”, – деп түйіндеді Б. Бақыров.

6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен сыртқы істер министрлігінің “Жусан” гуманитарлық операциясы нәтижесінде, Сирия аумағынан 47 Қазақстан азаматы соның ішінде 30 бала эвакуацияланған еді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз