Моңғолия Сыртқы істер министрі Қазақстан елшісін қабылдады

0
73

Моңғолияның Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар 7 қарашада Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қалыбек Қобландинді қабылдады.

Моңғолияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Моңғолия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді және өзара сапарлар мен саяси келіссөздерді күшейтудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Монцамэ агенттігі.

Өз кезегінде елші Қ. Қобландин министр Д. Цогбаатарды сыртқы саясат ведомствасының басшысы лауазымымен құттықтай отырып, ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахмановтың хатын табыстады.

Кездесу барысында тараптар 2018 жылға қарай екі елдің ынтымақтастығы аясындағы жоспарланған жұмыс туралы пікір алмасты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз