Латын әліпбиіне көшкеннен кейін емле ережелері өзгереді

0
112
ашық дереккөзден

Мамандар қазақ тілі орфографиясының жаңа ережелерін әзірлеуге кірісті. Бұл туралы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамдастығында баспасөз өкілдеріне хабарланды.

Бұл үдеріс қазақ алфавитінің латын графикасына көшуімен байланысты және бірнеше кезеңнен тұрады. Сарапшылардың пікірінше, латын әріптері халықаралық ғылыми-техникалық лексиканы қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың пікірінше, аталған факторлар тілді байытып, оның дамуына ықпал етеді.

Өмірзақ Айтбайұлы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті:

«Бұрында қазақ тілінің барлық ережелері кириллицаға лайықталған. Бірақ, жаңа әліпбидің енгізілуіне байланысты жазу ережелерінің өзгеретіні де анық. Жұмыс өте көп. Кез келген тілдің, соның ішінде қазақ тілінің өз заңдылықтары мен ерекшеліктері бар.  Біз барлық үлгілерді жинақтап, өз заңдылықтарын енгіземіз».

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз