Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда әлемдік парламенттік қауымдастықты Елбасымыздың контртеррористік бастамаларын қолдауға шақырды. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлемнің 160-тан аса елінен жиналған парламентшілер алдында Таврия сарайында өткен Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин сөз сөйлеп, Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы ұсыныстары туралы айтты.
«ҚР Президенті 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұранымен терроризмге қарсы ғаламдық коалицияны құруға бағытталған халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар бастамалар ұсынған болатын. Біз Парламентаралық одаққа мүше-мемлекеттер парламентіндегі әріптестерімізді Қазақтан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез-құлық Кодескін» әзірлеу және қабылдау туралы бастамасын қолдауға шақырамыз. Бұл ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатерлерінің бірі терроризмге қарсы күресте әлемдік парламентаралық қауымдастықтың салмақты үлесі болады деп сенемін», – деді Н.Нығматулин.
Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясында Мәжіліс Төрағасы елімізегі этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айта келе Ассамблеяның БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ-да алған жоғары бағасын атап өтті.
Мәжіліс Төрағасы жаһандану жағдайында және мәдениетаралық қарым-қатынастарда ұлттық мәдениеттерді сақтау саласындағы еліміздің жетістіктері туралы, сондай-ақ Парламентаралық Одақтың басқа да мүше мемлекеттерінің осы саладағы оң тәжірибесін атап өтті.
Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясында негізгі қаралған мәселелердің бірі «Демократия туралы жалпыға ортақ декларациясының 20 жылдығы: біздің алуан түрлілігіміздің ортақтығы» болды.
Жадыра Аманбайқызы