Мәжіліс Спикері Санкт-Петерборда Елбасы бастамаларын қолдауға шақырды

0
64

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда әлемдік парламенттік қауымдастықты Елбасымыздың контртеррористік бастамаларын қолдауға шақырды. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлемнің 160-тан аса елінен жиналған парламентшілер алдында Таврия сарайында өткен Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин сөз сөйлеп, Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы ұсыныстары туралы айтты.

«ҚР Президенті 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұранымен терроризмге қарсы ғаламдық коалицияны құруға бағытталған  халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар  бастамалар ұсынған болатын. Біз Парламентаралық одаққа мүше-мемлекеттер парламентіндегі әріптестерімізді Қазақтан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез-құлық Кодескін»  әзірлеу және қабылдау туралы бастамасын қолдауға шақырамыз. Бұл ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатерлерінің бірі терроризмге қарсы күресте әлемдік парламентаралық қауымдастықтың салмақты үлесі болады  деп сенемін», – деді Н.Нығматулин.

Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясында Мәжіліс Төрағасы елімізегі этносаралық қатынастарды үйлестірудің бірегей институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айта келе Ассамблеяның БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ-да алған жоғары бағасын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы жаһандану жағдайында және мәдениетаралық қарым-қатынастарда ұлттық мәдениеттерді сақтау саласындағы еліміздің жетістіктері туралы, сондай-ақ Парламентаралық Одақтың басқа да мүше мемлекеттерінің осы саладағы оң тәжірибесін атап өтті.

Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясында негізгі қаралған мәселелердің бірі «Демократия туралы жалпыға ортақ декларациясының 20 жылдығы: біздің алуан түрлілігіміздің ортақтығы» болды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз