«Нұр әлем» павилоны Ағымдағы жылдың 11 қарашасынан бастап елбасы тапсырмасымен мұражай ретінде қайта жұмысын бастайтын болады, деп xабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы.
Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі таңда дайындық жұмыстары аяқталған павилон 11 қарашадан бастап толықтай өз жұмысын бастайды деп жоспарлануда.
Сондай-ақ компания экспозицияға қатысты мәліметтер әзірге құпия болғаны дұрыс деп есептейді.
Мұражайдың ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Еске сала кетейік, бүгінге дейін «Нұр әлем» павилоны болашақта мұражайға айналатыны және ЭКСПО-2017 аумағындағы ғимараттардың бір бөлігі «Астана» xалықаралық қаржы орталығына берілетіні жайында шешім қабылданған болатын.
Жадыра Аманбайқызы