Қазақстан Қырғызстаннан кейбір тағам өнімдері тасымалын тоқтатты

0
70
ашық дереккөзден

Қазақстан Қырғызстаннан сүт, ет және кондитерлік өнімдер тасымалын тоқтатты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты сақтау Комитетінің өкілі Жандарбек Бекшин хабарлады.

Ол Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданатын талаптарға сай келмейтін өнімдердің ұлғайғанын тілге тиек етті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Тек осы жылдың қазан айында талапқа сай келмейтін қырғыз өнімдері 23,4 пайызды құраса, жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 44 пайызды құрады, бұл әрбір екінші-үшінші сынама.  Кедендік бақылаудағы шекаралық өткелдерде қырғыз өндірісінің өнімдеріне оның сапасы мен қауіпсіздігі үшін бақылау күшейді. Менің тарапымнан Қырғызстан Республикасының төрт өндірушілерінің «Ақ-Сүт» ААҚ,  «РИХА» СМ, «Куликовский Кондитерлік үйі» және «Эмилия» ЖШС сүт, ет және кондитерлік өнімдерін тасымалдау және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды», – деді бас санитарлық дәрігер Ж. Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, осы жылы өнімді сатып алу қорытындысы бойынша анықталған фактілерде құқық бұзушылықты жоюға 800 өтінім берілген , әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 826 іс қозғалып, 415 сот қаулысы қабылданған, оның ішінде 360 өтініш қанағаттандырылды, 19,5 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сауда кәсіпорындарында сатудан 172 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнімдер тәркіленді.

«Бұдан басқа, мамандандырылған азық-түлік өнімдерінің 895 сынамалары зерттелді, 21 сынама микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштерге сай келмейді оның ішінде, балалар тағамы  – 2,1 пайызға, ББҚ (биологиялық белсенді қоспа) – 8, 3 пайызға,  спортшылар, жүктілер мен емізетіндерге арналған тағамдар – 1,1 пайызға, диеталық профилактикалық тамақтану», – деп атап өтті Ж. Бекшин.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз