Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин елдің транзиттік және көлік әлеуетін пайдалануға бағытталған ратификацияланған заң жобаларының маңыздылығын атап өтті.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық көлік тасымалы туралы, сондай-ақ Қазақстан-Норвегия халықаралық көлік тасымалы туралы келісімге заңнамалық өзгертулерді ратификациялауды мақұлдады, – деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Мәжіліс спикері атап өткендей, Өзбекстан және Норвегиямен жасалған келісімдер еліміздің көлік инфрақұрылымын қолдана отырып, жаһандық логистикалық схемаларды қалыптастыруға бағытталған.
– Бұл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республиканың транзиттік әлеуетін жүзеге асыру және Қазақстанның ең қуатты еуразиялық көліктік-логистикалық орталығына айналуы туралы тапсырмаларын орындау үшін өте маңызды. Бұл тапсырма орындалғаннан кейін, барлық жолдар Қазақстанға әкеледі деп айтуға толық негіз бар, – деп атап өтті Н. Нығматулин.
Келісімдерді ратификациялау жолаушылардың, сондай-ақ автокөлік тасымалдарының, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың құқықтық негізін құруға мүмкіндік береді.
Сайлаубай Сабина