Трамп Солтүстік Кореяны “толықтай жойып жіберемін” деп қорқытты

0
73

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп осы қызметке кіріскелі алғаш рет Бірріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының сессиясында сөйледі. Дональд Трамп (АҚШ тарапынан) “қарақшы елдер” (rogue states) деген айдар тағылған мемлекетерден келуі мүмкін қауіп туралы ескерту жасады және Солтүстік Корея (Корей Халық Демократиялық Республикасы, КХДР) мен Иранға қаһарын төкті, – деп хабарлайды ағылшынның BBC агенттігі. 

Трамп Нью-Йоркта орналасқан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде АҚШ пен оның одақтастарына қауіп төнетін болса, Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келетінін мәлімдеді.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Унды “зымыран адам” (“Rocket Man”) деп мазақ қылып, ол жайында  “өз-өзін өлтіретін жолға түсті” деген Трамп:

“АҚШ – шыдамы жететін мықты ел. Бірақ өзін және одақтас елдерді қорғау керек болып жатса, Солтүстік Кореяны толықтай жоюдан басқа амалымыз қалмайды. АҚШ Солтүстік Кореяны жоя алады және жойғысы да келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деген үміттеміз.”

, – деді.

Солтүстік Корея БҰҰ тарапынан қолданылаған санкцияларға қарамастан ядролық бомба иен зымырандарын сынауды қояр емес.

Иран жайында да Таяу Шығыс аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыруге ниетті “шірік диктатура” деп ауыр сөз айтқан Трамп Тегеран режимін «терроризмге қолдау көрсетуді тоқтатуға» шақырды және Барак Обаманың билігі кезінде қол жеткізілген ядролық келісімді сынға алды.

2015 жылы Иран, АҚШ және әлемнің басқа да алпауыт елдері арасында жасалған аталған келісім Тегеран режимінің ядролық арсеналын дамытуына жол бермеуді көздейді. Ал Тегеран өзінің ядролық қаруды дамытқаны туралы мәлімдемелерді жоққа шығарады.

Сөзінде Венесуэладағы дағдарысқа да назар аударған мемлекет басшы АҚШ үшін өзіне дұшпан солшыл үкіметтің билікте отыруынын тиімсіз екенін алға тартып, бұл жайқта жай қарап отырмайтынын баса айтты.

Социализмді де сынға алған АҚШ басшысы бұл идеологияның адамзатқа тек «азап пен сәтсіздік (фиаско)»  алып келгенін жеткізді.

BBC агенттігінің БҰҰ-дағы арнайы тілшісі бүгінге шейін АҚШ басшыларының ұйым мінберінде мұншалықты қатал мәлімдеме жасамағанына назар аударды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз