Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Муби қаласындағы екі бірдей лаңкестік жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тапты.
Euronews-тың хабарлауынша, лаңкес мешіт жамағаты құлшылық жасап болғаннан кейін өзін-өзі жарып жіберген.
Екінші жарылыс, лаңкес мешіт ішінде өзін-өзі жарып жібергеннен кейін, мешіт сыртына абдырап қашқан адамдардың ортасында орын алды.
Нигерияның Муби қаласы «Боко харам» (Нигерияда құрылған лаңкестік ұйым) шабуылдарының негізгі мақсаты.
Аталған ұйымның лаңкестік шабуылдарының салдарынан Нигерияда, Камерунда жіне Нигерде 9 жылдың ішінде 20 мыңнан астам адам өлтіріліп, 2.5 миллионнан астам адам босқынға айналды.