Никарагуада ел билігі зейнеткерлерге қатысты реформа қабылдағанын жариялағаннан кейін наразылық шеруімен басталған қақтығыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері мен қараша халықтың арасындағы қақтығыстан 500-ге жуық адам зардап шегіп, 30 адам көз жұмды. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Ушыға түскен наразылық шеруінен кейін ел президенті Даниэль Ортега зейнеткерлерге қатысты реформадан қайта бас тартты.
Айта кетейік, қаза тапқандардың ішінде полиция қызметкері мен бір журналист бар. «А» атты репортерді Блупфилд қаласында әлеуметтік қамсыздандыру реформасына қатысты көшедегі наразылықтарды Facebook Live қызметінде тікелей эфирде көрсетіп жатқанда белгісіз біреу атып өлтірген.
Ел билігі қабылдаған реформаға қарсы жаппай наразылық шеруі 18 сәуірден бері жалғасып келеді. Ереуілшілер елдегі әлеуметтік қамтамасыз ету реформасына наразы. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, реформа қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыру қорларына қосқан үлесін арттыруды және жәрдемақыны қысқартуды көздейді.