АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис сенбі күні Сирия мәселесі бойынша Астана процесін өнімсіз деді.
Астана процесін нәтижелі емес деген Д. Мэттис көп күш-жігер жұмсалғанымен аз нәтиже шыққанын алға тартып, ендігі кезек Женевада екенін және бастапқы шаралар БҰҰ арнайы елшісі Стаффан де Миструамен қабылданатынын айтты деп хабарлайды РИА Новости. Аталған мәлімдемені журналистерге Джеймс Мэттис Мысырға бара жатқан жолда ұшақ бортында жасаған. Бұл сөйлесудің стенограммасын Пентагон таратқан.
Еске салсақ, Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан бері жалғасып келеді. БҰҰ-ның мәліметінше, аталған уақыт аралығында 220 мың адам қаза тапқан. Сириядағы жағдайды тұрақтандыру бойынша келіссөздер Астана және Женева алаңдарында өтуде. Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің 7 раундты қазан айында өтті. Келесі 8 раунды желтоқсанның екінші жартысына жоспарланған.
Сабина Сайлаубай