“Назарбаевтың батыл шешімі Қазақстанның өркендеуіне жол ашты” – Тиллерсон

0
123

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысындағы баяндамасында жаһандық қарусыздану мен таратпау үдерісіндегі Қазақстанның рөліне баса назар аударды.

Атап айтқанда, Тиллерсон ядролық қарудан бас тарту даналықтың айрықша үлгісі болып табылатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Құрама Штаттармен серіктестікте Қазақстан бұрынғы кеңестік қаруларды және ядролық технологияларды өз аумағынан алып тастауды және ядролық емес мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

Бұдан өзге Тиллерсон Қазақстан басшылығының батыл шешімі ядролық қарудың, оның құрамдас бөліктерінің, ядролық материалдардың және қос мақсатты технологиялардың зиянкестердің қолына түсу қаупін едәуір қысқартты деп мәлімдеді. Ядролық қару басқа елдермен қарым-қатынастарды қиындатып, апаттар немесе тарату қаупін тудырады деп атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның әрекеті елді халықтар қауымдастығына тарту үдерісінде маңызды қадам болды деді. Ядролық қарудан құтылудың нәтижесінде әлем Қазақстанды ядролық агрессорға айналуы мүмкін «аластатылған» мемлекет ретінде қарастырмайды. Ол өзінің ядролық көршілері – Ресей мен Қытайдың дұшпанына да айналған жоқ деп түйіндеді.

«Бүгін Қазақстан көршілерімен тату-бейбіт өмір сүруде. Ол берік сауда қатынастарын дамытуда. Биыл елде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп, ол болашақтың энергия көздерін және бүкіл әлемнің қатысушыларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге елеулі үлес қосып отырған заманауи мемлекет. Қазақстан өзінің шешімінен тек пайда көрді»,- деп мәлімдеді Р. Тиллерсон.

«Бұрынғы кәсіби қызметімде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше рет кездестім және оған осы шешім туралы сұрақ қоюма мүмкіндік болды. Ол маған бұл шешімге ешқашан өкінбейтінін және күндердің бірінде бұл жоба жас еліміз үшін жасаған ең зор жақсылығы екенін айтқан», – деді ол.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ Мемлекеттік хатшысына біздің елімізге және Президент Н. Назарбаевқа жолдаған жылы лебіздері үшін алғысын білдірді. Министр қатысушыларды АЭХА төмен байытылған уран банкінің ашылу кезінде жарияланған Елбасының бастамалардан хабардар етті, сондай-ақ халықаралық қарусыздану және таратпаудың негізгі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз