ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Ерлан Қожағапанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
192 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999жылы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кедендік академиясын экономист, қаржыгер және заңгер мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлікпен айналысып, 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда қызмет атқарған.
2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Футбол Федерациясының президенті.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.