ҚР мен Тәжікстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары заңсыз көші-қонмен күрес мәселелерін талқылады

0
123

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жумаканов пен Тәжікстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Абдурахим Каххаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Тәжікстанның Қауіпсіздік Кеңесінің аппараттары арасында жоспарланған консультациялар өтті, деп хабарлайды Сa-news.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның лаңкестік және діни экстремизмге қарсы күрес саласындағы әріптестікті нығайту, заңсыз көші-қонға қарсы тұру мәселелері талқыланды.

Тараптар аталған мәселелерден бөлек,  Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалды және осы өңірден туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын талқылады.

Сонымен қоса, Владимир Жумаканов трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын айта отырып, ақпарат қауіпсіздігі саласында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі елдің сарапшыларының жұмыс кездесулерін өткізуге ұсыныс жасады.

Тараптар талқылауды ескере отырып, екі елдің Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында қосымша қадамдар жасауға уағдаласты.

Жадыра Аманбайқызы

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз