Ұлы ғұлама әл-Фараби туралы деректі фильм ұсынылды

0
109
ашық дереккөзден

Алматыда түркі әлемінің деректі фильмдер халықаралық фестивалінде Қазақстан «Әл-Фараби – екінші ұстаз» атты ұлы ғалым және ағартушы туралы деректі фильм ұсынды.

Екінші фестиваль алты елдің алдыңғы қатарлы университеттерінде өткізіледі. Авторлық фильмдер әлеуметтік, мәдени және қоғамдық мәселелерге арналады деп хабарлайды Хабар 24.

Эксперттер атап өткендей, фестиваль кең көлемді аудиторияға аранлған. Дегенмен, басты назар – авторлар мен жастардың арасындағы диалогқа аударылды.

«Биылғы жылы фестиваль көптеген кәсіби деректі фильм жасаушылар мен әуесқойларды тартты және аудиторияның қызығушылығын тудырды. Түркиядағы ашылу салтанатында жұмыстар бірнеше категорияларда бағаланды – кәсіпқойлар мен кинода өзін сынап көріп жүрген әуесқойлар», – дейді түркі әлемі журналистері федарациясының (Түркия) президенті Мендерес Демир.

Қазақстандық фильмді университет студенттері мен бірге профессор-оқытушылар құрамының өкілдері жасаған.

«Деректі фильмде оның еңбектері таныстырылады. Соның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегі туралы айтылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да рухани-моральдық және ғылыми-технологиялық құрамаларды біріктіретін «Әл-Фараби – Smart City» ғылыми-инновациялық жобасы жүзеге асуда. Жобаның мақсаты – біздің еліміздің ізгі азаматын және әлем азаматын қалыптастыру », – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ имидж саясаты департаментінің директоры.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз