Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен наградталды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.
«Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен достас қос халықтың елшісі осы марапатқа екі ел арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастарды дамытуға, мәдени диалогты тереңдетуге, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастыққа сіңірген еңбегі үшін лайық деп танылды», – делінген сайтта.
Жадыра Аманбайқызы