Түркия “Сирия режимінен” қауіп көрмейді

0
69
дереккөзден

Анкара «Сирия режимінен» қауіп көрмейді деп мәлімдеді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы.

NTV телеарнасының эфирінде министр «Біздің ұшақты жарып жіберген кездері де болды, қазір олай емес», – деп мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Министр сондай-ақ Түркия террористік ұйым деп санайтын «Демократиялық одақ» сирия-күрд партиясы (PYD), сондай-ақ Күрдістан Жұмыс партиясы қауіп төндіруі мүмкін екендігін алға тартты.

Чавушоғлының айтуынша, Сирия мәселесін тұрақтандыру процесіне күрттердің қатысуына Түркия қарсы еместігін әрі жұмыс істеуге дайын күрд топтары тізімін Ресейге бергендерін айтты.

Сирияда түрлі күрд топтары барын және олармен Түркия байланыста екенін алға тартқан министр бірақ оның террористерге қатысы жоқ екенін әрі бұл мәселе аясында Ресеймен тілдескендерін атап өтті.

Бұған дейін РФ президенті В. Путин түрік басшысымен келіссөздер жүргізіп, Сириядағы атысты тоқтатуда Анкараның оң үлесін атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз