Қырғызстан президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

0
65
Акипресс

13-14 желтоқсан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Өзбекстанға ресми мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы 12 желтоқсанда Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің басшысы Айзада Субақожоева мәлімдеді, деп хабарлайды Акиpess.

Субақожоеваның айтуынша, аталған сапар  көршілес елмен саяси диалогтың белсенді жалғасуы.

Сапар барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамда кездесу күтілуде, сонымен қатар С. Жээнбеков Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріповпен және Өзбекстан спикерімен кездеседі. Сапар барысында бірқатар құжаттар мен келіссөздерге қол қойылады.

Атап өтерлігі, 13 желтоқсан таңертең Қырғызстан және Өзбекстан  тарабының іскерлік шеңбердегі бизнес-сессиясы басталады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз