«Шпиондар көпірі» фильмі шындыққа айналды

0
322
euronews

Ресей мен Эстония қамауда отырған азаматтарымен алмасты. Бұл процесс «Шпиондар көпірі»* фильмін еске түсірді.

Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.

Ресейде «тыңшылық жасады» деген күдікпен 12 жылға бас бостандығынан айырылған эстон бизнесмені Райво Суси мен орыс агенті Артём Зинченко екі елдің шекарасында жасалған тұтқын алмасу процесінен кейін отандарына оралды.

Екі ел президенті тарапынан шығарылған арнайы рақымшылық қаулысынан кейін «тыңшылық жасады» деген айыптаумен қамауға алынған күдіктілерді алмастыру туралы шешім қабылданған еді.

Эстон полиция күштерінің баспасөз хатшысы Гари Пуузеп Ресейдің барлау қыметтеріне қатысты отандастарына ескерту жасады:

«Сөз жоқ, бұл оқиға – ресейлік арнаулы қызметтердің қауіптілігінің белгісі. Сондықтан Ресей территориясында іскерлік немесе жеке қарым-қатынастары бар азаматтар ресейлік арнаулы қызметтердің назарында жүргенін ескергені абзал. Эстонияның барлау қызметі де орыстардың белсенді тыңшылық әрекеттеріне қарсы алдын алу шараларын өткізгені жөн».

Ресей азаматы Артём Зинченко Эстонияда «тыңшылық жасады» деген айыптаумен 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

*«Шпиондар көпірі» – (Bridge of Spies / Шпионский мост) КСРО қолына түскен америкалық U2 барлаушы-ұшағы пилотының босату оқиғасы негізінде режиссер Стивен Спилберг тарапынан түсіріліп, 2015 жылы жарыққа шыққан фильм.

Ерлан Оспанов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз