Саудиялық тағы бір журналист түрмеде өлтірілді

0
102
Сурет: middleeastmonitor.com

Сауд Арабиялық журналист, жазушы Турки Бин Абдулазиз әл-Джасер түрмеде азаппен өлтірілді. Бұл туралы the New Khaleej агенттігі хабарлады.

Middleeastmonitor.com мәліметінше, 2017 жылдың наурызында Жассер Twitter желісінде Kashkool атты аккаунт ашып, онда лауазымды тұлғалар мен корольдердің адам құқықтарын бұзған жағдайлары туралы жазып жүргені үшін қамауға алынған.

 

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, журналистің осы әрекетін Twitter желісінің Дубайдағы кеңсесінде әшкерелеген.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Ыстамбұлда Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашукджидің де өлі табылғаны жайлы хабарланған болатын. Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында өлтірілгеннен кейін денесі бөлшектелген, жойылған. Бұл туралы Ыстамбұл прокуратурасы мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз