Шымкентте атыс болды: көз жұмғандар бар

0
314
photo: holanews.kz

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті Otyrar порталы хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, куәгерлер екі адамның оқ атқанын айтқан. Олар қаруды оқиға орнына жақын маңдағы жерге лақтырып кеткен.

Оқиға сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болған. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминалистері қоршап алған. Дәмхана маңында Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350 көліктері тұрды. Көліктердің бірінен полицейлер теңге және доллармен қомақты ақша тауыпты.

Прокуратураның хабарлауынша, атыстан бір адам қайтыс болған. Атыс орнынан екі Макаров тапаншасы, бір травматикалық тапанша, аңшы мылтығы және “Сайга” мылтығы, 12 гильза табылған.

Қылмыстық іс бойынша Шымкент қалалық прокурорының бірінші орынбасары жұмыс істеп жатыр.

№1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына төрт адам жеткізілді. Зардап шеккен 1989, 1987, 1996, 1984 жылғы азаматтарға бірнеше жерден оқ тиген.

Қазіргі уақытта Шымкент қалалық нөмірі бірінші аурухана дәрігерлері қажетті ем-домын жасап жатыр. Төрт пациенттің де іш тұсына оқ тиген” – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ұсталғандар бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз