19 мамыр күні Египеттің Гиза қаласындағы пирамидалар жанынан өтіп бара жатқан туристік автобус маңында жарылыс болып, оннан аса адам зардап шекті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жапа шеккендердің көбі – туристер. Жарылғыш зат автобус сол маңнан өтіп бара жатқанда іске қосылған.
AFP агенттігі дереккөздеріне сілтеп, кем дегенде 17 адамның жапа шеккенін хабарлады. Sky News Arabia-ның жазуынша, тоғызы – Египет, жетеуі – Оңтүстік Африка Республикасының азаматтары.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі “жарылыстан жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ” деп хабарлады.