Сирия бойынша Астана процесіне қатысушы елдердің делегаттары келуде

0
60
kazaknews.kz

Сирияда ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілдік беруші елдердің делегациялары 21-22 желтоқсанда өтетін келіссөздердің келесі раундына қатысу мақсатында Астанаға келуде, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия бойынша Арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.

Сондай-ақ, алдағы кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, БҰҰ, бақылаушы елдер – АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.

21 желтоқсанда көпжақты консультациялардың өтуі көзделуде. Жалпы отырыс 22 желтоқсанға жоспарланған.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз