Трамп Мирзиёевті АҚШ-қа ресми сапармен келуге шақырды

0
39
дереккөзден

19 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзиёев және АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары өзбек-америкалық көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары өзара қызығушылық тудырған өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу, халықаралық лаңкестік, экстремизм мен радикализмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

АҚШ Президенті Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып, аймақтағы елдермен ынтымақтастықты нығайтуға және тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға Өзбекстанның ашық және сындарлы сыртқы саясаты мен белсенді күш-жігерін құптады.

Мемлекет басшылары Ауғанстанды экономикалық қайта құруда кең ауқымды халықаралық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Өзбекстан мен АҚШ президенттері стратегиялық әріптестіктің екі жақты қарым-қатынасын өзара сыйластық, сенім мен бір-бірінің мүдделерін қарастыру қағидаттары бойынша одан әрі нығайтуға деген ұмтылысын атап өтті.

Екі жақты ынтымақтастықты кеңейтудің ұзақ мерзімді жоспарларын бірлесіп зерделеу үшін Дональд Трамп Шавкат Мирзиёевті АҚШ-қа ресми сапармен келуге шақырды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз