Сирия мәселесі бойынша Астана процесі ертең басталады

0
37

Сирия мәселесі бойынша кезекті Астана процесі ертең 21 желтоқсанда басталады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінде мәлімделген еді.

Алдағы келіссөздер барысында тараптар тұтқындалғандарды босату, қаза тапқандардың мәйіттерін тиісті жерлерге жеткізу, із-түссіз жоғалғандарды іздеу туралы жұмыс тобы туралы ережені енгізуді жоспарлап отыр. Қатысушылар сонымен қатар деэскалация аймақтарының жұмысы туралы сонымен қатар ЮНЕСКО нысандарын қоса алғанда HAСириядағы гуманитарлық бөліністер туралы бірлескен мәлімдемені бекіту мәселелерін талқылауға ниетті.

Еске салсақ, қазан айындағы жетінші раунд кездесуінің қорытындысы бойынша кепіл елдер кикілжіңге түскен тараптардың сенім шараларын нығайту, соның ішінде саяси процесс үшін үздік жағдайлар тудыру мен өңірдегі атыс-шабысты тұрақты тоқтату үшін тұтқындалғандарды босату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз