Сирия оппозициясы Астанада орын алған кезекті келіссөзде делегация мүшесі Айман әл-Әсими ДАИШ содырларымен болған қақтығыста, бірінші кезекте соғысқандарын атап өтіп, сол сәтте ешкімнің көмек қолын созбағанын алға тартты.
– Сирия оппозициясы Астана келіссөздеріне қалыпты баға берді
әл-Асими: «Бұл раундта Идлиб аумағының деэскалациясы келісіміне қол жеткізілді, онда үш миллионнан астам сириялық өмір сүреді, бұл аталған раундтың басты мақсаты еді. Бұл оң қадам, келешекте Женевадағы саяси шешімге көмектеседі», – деді.
Сонымен қатар әл-Асимидің айтуынша, Сирия билігі тұтқындарды босату туралы мәселені мүмкіндігінше кешіктіруге тырысуда, бірақ қазақстандық және ресейлік тараптар бұл мәселенің түйінін шешуді уәде еткенін атап өтті.
Оның айтуынша, Сирияға шетелден келген барлық әскерилерді елден шығару керек.