Сирияға қатысты Астана процесі жемісті өтті

0
112

Бүгін елордада Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің алтыншы кезеңі мәресіне жетті.

Сирия мәселесіне қатысты пленарлық отырыста сөз алған ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирияға қатысты Астанада өткен халықаралық кездесулердің Иран, Ресей және Түркия мемлекеттерінің бірлескен мәлімдемесін баяндады.

Мәлімдеме бойынша, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрік Республикасы кепіл елдер ретінде Сирия Араб Республикасында соғыс қимылдарының тоқтау режимінің сақталуы, Сирия Араб Республикасының егемендікке бейілдігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын растай отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясы ережелерін басшылыққа ала отырып 2017 жылдың 4 мамырында Сирия Араб Республикасында деэскалациялық аймақтар құру туралы меморандумды орындауға қанағаттанушылық білдірді.

Тағы бір мәлімдеме бойынша, 2017 жылдың 4 мамырында қабылданған Меморандумға сәйкес Шығыс Гутеде, Хомс аймағының солтүстігіндегі анықталған кейбір бөліктерінде, Идлиб аймағында және көршілес аймақтардың кейбір бөліктерінде, сонымен қатар, Сирияның оңтүстігіндегі анықталған аумақтарда дэескалациялық аймақтар құру туралы шешім шығарылды. Аталған деэскалациялық аймақтар мен қауіпсіздік белдеулерін құру уақытша шаралар болып саналады.

Бұдан өзге мәлімдемеге сәйкес, жоғарыда аталған аумақтардағы деэскалациялық аймақтар Сирия Араб Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғу әрекеті болып есептелмейді. Бұдан бөлек, терроризмге қарсы күресте ИШИМ, «Джабхат ан-Нусра» және т.б «Әл-Каида»-мен байланысты топ, ұйым мен кәсіпорындармен күрес деэскалация аймақтарының ішінде де, сыртында да жүргізіледі.

Сонымен қатар, мәлімдемеде Астана процесін бақылаушылар мен аталған мәселенің түйінін шешуге қызығушылық танытқан өзге де халықаралық ұйымдарды Сириядағы деэскалация үрдісі мен тұрақтылықтың сақталуына ат салысуға шақырады. Мәлімдемеде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Үкіметіне Сирияға қатысты Астанада өткен 6 халықаралық келіссөздің жоғары деңгейде өткендігі аталып, алғыс білдіріледі. 2017 жылдың қазан айының соңында Астанада Сирия мәселесі бойынша жоғары деңгейдегі кезекті халықаралық кездесуді өткізу туралы шешім қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз