Түркия халқы мен сириялықтар арасындағы шиеленіс

0
184

14 жасар қызға көрсетілген «сексуалдық сұмдық» түрік ұлты мен Түркиядағы сириялықтар арасындағы шиеленіске әкеліп соқты.

Батыс Түркияның Денизли провинциясының Кале ауданында полиция қызметкерлері бір түрік азаматы мен 6 сириялықты 14 жасар қызды сексуалдық зорлық көрсеткені үшін қамауға алды.

«Азаматтарды» қамауға алғаннан кейін аудан тұрғындары Кале соты ғимаратының алдында сириялықтарға шабуыл жасауға тырысты, деп хабарлайды “Түркиядағы Мәскеу комсомолы” басылымы.

Жергілікті Түркия халқы мен сириялықтардың арасындағы шиеленістің одан әрі ушықпауы үшін отызға жуық (жүзге жуық адам) сириялық отбасы басқа ауданға көшірілді.

3.5 миллион сириялық Сириядағы 7 жылға созылған азамат соғысынан аман қалу мақсатында Түркия шекарасын асып өткен. Жергілікті халық сириялықтардың жан сақтау мақсатында келіп елде атой салып жүргеніне наразы.

Түркиядағы сириялықтардың басым бөлігі ресми босқындар лагерінен тыс жерлерде тұрақтаған. Бүгінде Сириядан келген босқындардың шамадан тыс көптігі де халық арасында наразылық тудыруда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз