Тоқаев АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан шығуы туралы шешіміне пікір білдірді

0
69

АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан шығуы туралы шешімі және бақылаушы ел мәртебесімен шектелуі өкінішті, дегенмен, ұйымның даулы резолюциясымен белгіленген деп жазады Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Атап өтерлігі, АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан кететіні жайындағы шешімі 2018 жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді, деп хабарлайды РИА новости. Дегенмен, Вашингтон ұйымдағы бақылаушы дәрежесін сақтай отырып, кейбір маңызды мәселелер бойынша АҚШ-тың перспективалары мен сараптамаларын дамытуға үлес қосатын болады.

Мемлекеттік департаменттің өкілі Хезер Науэрт шешім қабылдаудың оңайға соқпағанын және бұл ұйғарымның АҚШ-тың ЮНЕСКО ұйымына берешегінің өсіп жатқандығына алаңдаушылық білдіруінің көрінісі екенін ескертті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз