Астанада жол ақысы көтеріледі ме?

0
67

Астана қаласының жолаушылар көлігі департаментінің басқармасы елордадағы қоғамдық көліктердегі жол ақысының құны әзірге өз қалпында қалатындығын мәлімдеді.

Жолаушылар көлігі басқармасынан жасалған мәлімдемеде: «Заңға сәйкес бұл сұрақтың айрықша мәселелері  Елорда мәслихатына жүктеледі. Қазіргі таңда қоғамдық көліктің бағасы өзгереді деген мәселесі қарастырылып жатқан жоқ» делінген.

Бұған дейін Жолаушылар тасымалы басқармасы қоғамдық көліктерде валидаторлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге уәде берген болатын. Атап айтқанда, ескі автобустарды жаңа автобустарға ауыстыруды жоспарлай отырып, елордалық кондукторларға қолға алып жүретін нұсқаулық владиаторлар берілетін болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз